Көші-қон және демография

Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?

  • Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?

    Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?

 БЖЗҚ төрайымының айтуынша, қордағы ақшаны басқа мақсаттарға беру үшін 10 проценттік жарна аз болуы мүмкін, алдымен оның жеткілікті-жеткіліксіз екенін анықтау керек. Бұл туралы sputniknews.kz жазды.   


Қазақстанда заң бойынша зейнетақы қорындағы ақшаны баспана алуға немесе тағы басқа қажеттіліктерге беру мүмкіндігі қарастырылмаған. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева мәлімдеді. 


Наурызбаеваның айтуынша, Қазақстан заңнамасында зейнетақы қорындағы ақшаны баспана, оқу секілді түрлі қажеттіліктерге алу қарастырылмаған.


"Қазіргі таңда біздің жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істегеніне 20 жыл ғана болды. Бұл жолдың жартысы ғана десек те болады, өйткені әр адамның еңбек өтілі 35-40 жылға тең. Сондықтан біз жарты жолдамыз, азаматтардың есепшотына жиналған ақша онша көп емес. Мәселен, жылына 8 немесе 12 рет жарна салатын адамдардың есепшотында 2-3 миллион теңге ғана бар. Қазіргі кезде зейнетке шыққаннан кейін адамдар орташа есеппен 82 жасқа дейін өмір сүреді десек, 63 жастан 82 жасқа дейін оларға зейнетақы төлеп тұруымыз керек. Ал есепшоттағы ақша 20 жылға жете ме, жетпей ме, соны қарастыруымыз керек. Сондықтан бұл үшін 10 процент жарнаның жеткілікті немесе жеткіліксіз екенін қоса талқылау қажет", — деді Наурызбаева Сенатта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі бойынша өткен кездесуден кейін.


Осы орайда ол азаматтарына зейнетақы шотындағы ақшаны керегіне пайдалануға рұқсат беретін Сингапур тәжірибесін мысалға келтірді.


Белгілі саясаттанушы халыққа зейнетақы қорындағы өз ақшасы кредит ретінде берілгелі отырғанын айтты


"Сингапурдың тәжірибесін алсақ, бұл елде зейнетақы аударымы 35 проценттен асады. Азаматтардың жинаған ақшасы әу бастан-ақ үш есепшотқа бөлінеді. Олар: негізгі шот – тек зейнетақыға арналған, қалған екеуі – оқу, емделу, баспана сияқты қажеттіліктерге. Сондықтан зейнетақы қорындағы ақшаны басқа мақсатта жұмсау туралы сөз қозғайтын болсақ, алдымен 10 проценттік жарнаның жеткілікті-жеткіліксіз екенін талқылаған жөн", — деді қор төрайымы.




 




 




Көрілген: 1045    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.09.2018, 12:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31