Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматтың әзілдері

14 сәуір 2011, 11:09

Радионың құттықтау бағдарламасына ішіп алған біреу телефон шалады:
– Сүйіктіме Моцарттың бір музыкасын бере ала­сыздар ма?
– Әрине, қандай шығармасын қалайсыз?
– Әйгілі композитордың флейтаға арналған үшінші этюдтер концертіндегі бесінші сонатасының екінші увертюрасының төртінші сюитасындағы жетінші сона­та­сын берсеңіздер.

– ?...
***
Екі еркектің әңгімесінен:
– Арақпен ғана емдеуге болатын ауру бар екен.
– Ол қандай дерт?
– Білмеймін, алдымен сол ауруды тауып, жұқтыру керек.

***
Бір бастықтың көңілдесі босанып, ұл туады:
– Мына гүл шоғы мен тортты апарып бер, менің бар­ға­ным ұят болар. Содан кейін келіп, маған тарт­қан-тартпағанын айтарсың, – деп орынбасарын жұмсай­ды.
Біраз уақыттан кейін орынбасары келіп:
– Басеке, балаңыз сізден аумайды екен.
– Жоқ сен дұрыстап, нақтылап айтшы.
– Айтайын: шашы жоқ, екі беті қып-қызыл, бірдеңені былжырай береді, бірақ оны ешкім түсінбейді, әйтеуір айқайлап, бажылдай береді... айтып тұрмын ғой, тура сіздің көшірмеңіз...