Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматтың әзілдері

21 сәуір 2011, 10:05

Көштен қалып, жетінші сыныпты қайта оқып жүрген оқушы әкесіне:
– Күнде-күнде сабаққа бара беремін бе?
– Сабағыңнан қалмағаның дұрыс қой.
– Түк қызық емес, бәрі былтыр өткен сабақтарым ғой...

***
Сыбайластар сыры:
– Сен сәнмен айналысатын болғансың ба? – деп сұрайды бірінші ұры сән журналын ақтарып отырған сыбайласынан.
– Әрине, мен енді жаңа киімдердің қалталары қай жерінде болатынын білуім керек қой!

***
МАИ инспекторы бір қымбат көлікті тоқтатады. Көлік тоқтағанмен, одан иесі түсе қоймайды. Инспектордың шыдамы таусылып, көлікке жақындайды. Көлік иесі терезені ашады:
– Өзің асықпайсың ғой, ақша саған керек пе, әлде маған ба?..

***
Мұғалім оқушысын тақтаға шақырады да:
– Мен Шығайбайға бір алма беремін де, оны төрт балаға бөліп беруін сұраймын. Сонда әр балаға қандай бөлік тиеді?
– Ешқандай.
– Отыр, екі. Математиканы түк білмейсің.
– Ал сіз Шығайбайды білмейді екенсіз.