Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматтың әзілдері

22 сәуір 2011, 09:52

Екі жігіт кинотеатрда отыр.
– Мына киноны бұрын көріп пе едің?
– Жоқ. Бірінші рет көруім.
– Ал мен төртінші рет көріп отырмын. Бірақ алдыңғы үшеуіне қарағанда, бұл жолы актерлер өте тамаша ойнады.

***
Екі әйел әңгімелесіп отыр.
– Естідің бе, сенің бұрынғы күйеуің жақсы жұмысқа тұрып алыпты.
– Мен оның ақша үшін неге болса да баратын бұрыннан білгем.

***
Құрылысшы мен тапсырыс беруші әңгімелесіп тұр.
– Қабырғаны өте жұқа қылып қалапсыздар.
– Жұқа емес, оның сыртынан әлі тұсқағаз жап­сы­рамыз ғой.

***
Күйеуі әйеліне:
– Біздің шатырды жөндеген ұстаны білесің бе?
– Иә, білемін.
– Соны көлік қағып кетіп, қайтыс болыпты.
– Бұл өмір не боп барады өзі. Енді шатырда да еркін жүре алмайтын болдық қой.