Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматтың әзілдері

28 мамыр 2011, 11:13

Күйеуі үйіне түнделетіп келеді. Әйелі:
– Осы уақытқа дейін қайда болдың?
– Бәкеңдікінде аз-маз карта ойнап отырып қалдық.
Әйелі тексерейін деп Бәкеңе телефон шалады:
– Біздің қожайын сіздікінде болды ма?
– Әлі біраз отыратын шығар...
***
Қызып алған бір жігіт досының үйіне телефон шалып тұр:
– Қайрат бар ма?
– Ол ауылға кеткен.
– Сонда ол бүгін бізбен бірге балыққа бармай ма?

***
Дәрігер науқасқа:
– Бүгін осы дәріні соңғы рет ішесіз.
– Сосын?
– Айтып тұрмын ғой сізге соңғы рет деп...

***
Сот залында:
– Сіз бұл қылмысты жалғыз өзіңіз жасадыңыз ба?
– Иә, қазір ешкімге сенуге болмайды...

***
Бір келіншек дәрігер жігітпен танысады:
– Менің жасым нешеде деп ойлайсыз?
– Анализдің қорытындысынан кейін белгілі болады ғой...