Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматтың әзілдері

01 маусым 2011, 11:31

Бір мекеме басшысы ұсталып, сот жүріп жатыр:
– Сіз қызмет орнындағыдай емес, тек шындықты айтуға тиістісіз!

***
Емханаға бір қыз келеді:
Дәрігер:
– Шешініңіз.
– Кешіріңіз, мен құлағымды қаратайын деп едім.
– Сонда да...

***
Егде тартқан бір кісі дүкенге келеді:
– Маған екі кәстөм берші.
– Екеуін не қыласыз? Жасыңыз болса 80-ге таяп қалған шығар. Сізге бір кәстөм өміріңіздің соңына дейін жетпей ме?
– Біреуін өзіме, екіншісін әкеме алып жатырмын.
– Сіз 80-де болсаңыз, әкеңіз 100-ден асып кеткен шығар?
– Иә, әкем екеуміз атамның үйлену тойына дұрыстап киініп барсақ деп едік...
– Әкеңіз 100-ден асып кеткен болса, атаңыз 130-да ма? Сонда атаңыз жас әйел алғалы жатыр ма?
– Оның алғысы жоқ, бірақ ең үлкен әжеміз бой бермей тұр емес пе?