Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматтың әзілдері

28 қараша 2012, 11:28

Әріптестер әңгімесі:
– 200 долларға мына галстукты алғанша, одан да бір етік сатып алмадың ба?
– Етікті мойныңа тағып жүре алмайсың ғой...

***
Ажырасу ісіне қатысты сот отырысында. Судья әйелге:
– Бұл азаматқа күйеуге шығарда сізді не қызықтырып еді?
– Одан қазір бір тиын да қалмады ғой...

***
Бір еркек дәрігерге келеді:
– Ай сайын басым ауыра береді...
– Нақты күнін айта аласыз ба?
– Жалақы алған күннің ертесі...

***
Байдың балалары әңгімелесіп тұр:
– Осы сен неге апта сайын жаңа ұялы телефон сатып аласың?
– Бірлігі таусылып қала береді.
– Көлікті де ай сайын жаңалайсың.
– Күлсалғышы толып қала береді...

***
Екі жігіттің әңгімесінен:
– Кейінгі кезде өмірдің театр екендігіне көз жеткіздім.
– Қалайша?
– Түк қызық емес...