Алматтың әзілдері
Көршілер аулада кездесіп қалады:
– Темекің бар ма?
– Қойып кетіп едім...
– Жақсы болған екен.
– Жоқ, үйге, кіреберістегі айнаның алдына қойып кетіп едім...
***
Омарташы шал немересіне:
– Не істеп отырсың?
– Тест сұрақтарын оқып дайындалып отырмын.
– Оқуға түскің келсе, одан да барып жұмыс істеп, бір-екі бөшке бал жина.
***
Қазіргі қағида:
«Бүгінде ешкім жан сыры мен жеке құпиясын біреуге ақтарылып айтып жатпайды, әншейін Фейсбукқа жаза салады»