Алматтың әзілдері
Сот қызметкері арызданушы әйелге:
– Сіз күйеуіңізбен не үшін ажыраспақшысыз?
– Не дәмділеп тамақ істей алмаса, тазалап кір жуа алмаса, дұрыстап ыдыс-аяқты тазалай алмаса, не балаға жақсы қарай алмаса – ондай күйеудің керегі не?
***
Бір жігіт гүл сататын жерге келеді. Сатушы әйел оған:
– Сіз бойдақсыз ба, әлде үйленгенсіз бе?
– Үйленгенмін.
– Онда арзан гүлдердің тәуірінен таңдап берейін...
***
Жас жігіт пен бір кішкентай бала сөйлесіп тұр:
– Мен саған берген хатты тәтеңе бердің бе?
– Тәтем үйде болмаған соң, әкеме бердім.
– Әкең не деді?
– Әкем оқып шығып қатты ашуланды да, хатты өзіңе қайтарып берсін деп еді...
– Хат қайда?
– Кеше сіз үйде емес екенсіз, хатты әйеліңізге бердім.
***
Сот отырысы өтіп жатыр:
– Куәгер, сіз зағип болсаңыз қылмыскерді көрдім деп қалай айта аласыз?
– Дауысынан таныдым деп тұрмын ғой сізге...