Алматтың әзілдері
Емханада:
– Құлағыңызға қатысты қандай шағым айтасыз?
– Мен жемпірімді киетін кезде олар маған кедергі келтіреді...
***
Ауылдық сайлау учаскесінде:
– Ауыл әкімдерін сайлауда кімге дауыс бересің?
– Білмеймін.
– Сіздің үш мүмкіндігіңіз бар: 50 де 50, ауылдастардың көмегі, көршіге телефон шалу. Қайсысын таңдайсыз?
– Ауылдастардың айтқанына қосыла салайын...
***
Әжесі немересіне:
– Үлкейгенде кім боласың?
– Менің үлкейгім келмейді.
– Неге олай дейсің?
– Ой, қойшы,бетің әжім-әжім болып, белің бүкірейіп жүргеннің несі жақсы?
***
Бір жігіт қарт әкесін дәрігерге алып келеді:
– Ақсақалға тыныштық керек, улап-шулап мазасын алып жүрмеңдер.
– Онсыз да құлағы естуден қалған ғой...