Алматтың әзілдері
Түрмеде бұрыннан отырған адам мен жаңа келген тұтқынның арасындағы әңгіме:
– Сен мұнда қалай түсіп қалдың?
– Аллергиям бар еді.
– Оның не қатысы бар?
– Ұрлық істеп жатқанда түшкіріп едім, күзетші оянып кетті.
***
Көшедегі хабарландыру:
«Қара дипломат жоғалды. Тауып алғандар болса, Нигерия елшілігіне хабарлассын».
***
Бір мас жігіт досының ұялы телефонына хабарласады:
– Мақсат, қайдасың?
– Мен шетелде іссапарда жүрмін.
– Сонда сен бүгін бізбен бірге балыққа бармайсың ба?
***
Әлдеқандай компанияда жұмыс істейтін жігіт іссапарға шықпақ болып жиналып жатады. Әйелі:
– Осылай бара бересің бе, ең болмаса киім-кешегіңді бір сөмкеге салып алмайсың ба?
– Киімдерімді салып алсам, үстіме не киемін?