Алматтың әзілдері
Сот мәжілісі өтуде:
– Жәбірленуші, сіз айыпталушы жақтың кешірімін қабылдайсыз ба?
– Қабылдаймын, бірақ ақшалай түрде.
***
Музыкант жігіт досына:
– Менің қабырғалас көршілерім қызық осы. Түнгі сағат бір-екіге дейін жылыту батареялары мен қабырғаларды тоқпақтап, дүңкілдетіп жатады.
– Маза жоқ екен, ә.
– Қайта мен мұндай уақытта ұйықтамаймын, скрипка ойнап, концертке дайындалып отырамын ғой.
***
Бір кісі көршісіне:
– Өзің жұмыс істемейсің, бірақ кредитіңді қалай жаптың?
– Кредит алып...
***
Блогтағы жазбадан:
«Ит – адамның досы». Олай болса, сен маған досыңды көрсет, сенің кім екеніңді айтайын.