Алматтың әзілдері
Біртүрлі ой:
«Біреулер баю үшін әкім болуға ұмтылса, енді біреулері әкім болу үшін байлыққа ұмтылады».
***
Әйелі күйеуіне:
– Күні бойы құрдан-құр диванда шалқадан түсіп жатудан жалықпайсың ба?
– Жоғ-а-а, кейде қырымнан жатамын ғой.
***
Бүгінгі аксиома:
«Мықты әнші болу үшін дауыс емес, таныс керек!»
***
Бір анық:
– Оқушы балаларымыз –
Музыка пәнінде ән салып,
Ана тілінде тақпақ айтып,
Дене тәрбиесінде доп ойнап,
Еңбек сабағында мектеп ауласын сыпырып жүріп білім жетілдіруде.