Алматтың әзілдері
Екі достың әңгімесінен:
Караокемен ән айту үшін дауыс пен таланттың қажеті шамалы.
– Неге олай дейсің?
– Көзің жақсы көрсе болды емес пе?..
Емханада. Бас дәрігердің қабылдауына кіреберістегі жазу:
«Әр науқас өзімен бірге екі науқас ерте келсе, ем алу ақысына арнайы жеңілдіктер қарастырылады».
***
Достарымен қыдыруға кетіп бара жатқан күйеуіне әйелі:
– Көп ішпе, мас болып қалып жүрме...
– Қорықпа, жігіттер әкеліп тастайды ғой.
***
Блогтағы жазбадан:
«Фонограммамен ән айтылатын концерттерде әншінің өзі келмей-ақ қойса да болады. Тыңдап отыра береміз».