Алматтың әзілдері
Бір кісі психолог-дәрігерге келіп:
– Мені бәрі «мақтаншақсың» дейді.
– Неге?
– Өздері түкке тұрмайды, алдымен мен сияқты болып алсын, сіз де әрі-беріден соң ешкім емессіз!
Екі келіншек сырласып отыр:
– Мен оған қайран жас күнімді сарп еттім, сол үшін күндіз-түні ұйықтамадым, оған жету үшін қаншама адамдардың алдында қорландым, қыруар ақшам кетті, осы уақытқа дейін бір қызығын көре алмадым.
– Кімге назаланып отырсың сонша?
– Әлгі, қызыл дипломымды айтам да...
***
Әйелі күйеуіне телефон шалады:
– Қайда жүрсің, қашан келесің үйге?
– Бес минуттан соң шығамын, жарты сағаттан кейін хабарласшы...
***
Мәні өзгерген мақал:
«Жақсы асфальт жолда жатпайды!»
***
Оңаша кездесуде. Жігіт қызға:
– Бірінші кездесуде толқып тұрсың ба?..
– Жоқ, бұрын да толқығам...