Алматтың әзілдері
Бір әйел түн ортасында оянып кетеді. Қараса, күйеуі орнында жоқ екен. Әйелі асүйге барса, күйеуі ойлы кейіпте бір нүктеге қараған бойы кофе ішіп отыр екен. Күйеуінің көзіндегі жасты көрген әйелі:
– Не болды, жаным?
– Есіңде ме, 20 жыл бұрын екеуміз кездесе бастағанда небәрі 16 жаста ғана емес пе ек?
– Есімде.
– Екеуміз мәшинеде сырласып отырған жерімізде әкеңнің бізді ұстап алғаны ше?
– Иә, есімде, жаным.
– Ал басыма мылтығын тақап тұрып сені алмасам, 20 жылға сотталатынымды айтқаны ше?
– Есімде.
Күйеуі көз жасын сүртіп:
– Сол кезде үйленбегенімде тура бүгін босап шыққандай екем...
***
Бір бойжеткен мен жас жігіт әңгімелесіп отыр.
Бойжеткен:
– Екеуміз бірге бола алмайтын сияқтымыз.
Жігіт:
– Неге? Мен нашар адаммын ба?
Бойжеткен:
– Жоқ, о не дегенің?! Мәселе – сенде емес, менде! Енді маған басы таз, шошқадай семіз мешкейдің ұнамайтынына сен кінәлі емессің ғой.