Алматтың әзілдері
– Өскенде қандай мамандықты таңдайсың?
– Жеке көлігіммен таксист болам.
– Неге?
– Жолға ақша жұмсамайтын болам.
***
МАИ қызметкері мен жүргізуші арасындағы тәжіке:
– Қауіпсіздік белбеуін тақпағаныңыз үшін айыппұл саламын.
– Айыппұлды маған емес, қысқа белбеу шығарған көлік зауытына салыңыз.
– Кешіріңіз, сіздің қарныңыздың шамадан тыс үлкен болуына ешкім кінәлі емес.
***
Ауруханада:
– Дәрігер, тек шыныңызды айтыңызшы, өлгеннен соң екінші өмір бар деген рас па?
– Міндетті түрде жауап беруім керек пе?
– Иә, мүмкін болса.
– Сәл шыдасаңыз, бір-екі күнде көз жеткізесіз.
***
Емханада:
– Дәрігер, сіз менің бүтін тісімді жұлып алдыңыз ғой.
– Түк те қылмайды, кейін бәрібір құрт түсер еді.