Алматтың әзілдері
Бір жігіт ғаламтор арқылы бір бойжеткенмен сөйлесіп жүреді. Бәрі жақсы болған соң, кездеспекке бел байлайды.
Жігітке досы айтады:
– Егер ол сен ойлағандай әдемі әрі ақылды болмай шықса қайтпексің?
Жігіт:
– Алдымен барып көремін, егер ойымнан шықпаса, «мен сағат тоғызда дайындыққа баратын едім» деп кетіп қаламын.
Сөйтеді де, кездесуге келсе, бір әдемі қыз келіп:
– Қанат деген сіз бе? Иә, дұрыс, өте жақсы. Бірақ мен сағат тоғызда дайындыққа баратын едім, кешіріңіз, – деп кетіп қалыпты.
***
Бір келіншек құрбысымен сырласып отыр:
– Жақында үй жинап жүріп, күйеуіме балабақшадағы тәрбиешілерінің берген мінездемесі жазылған қағазды тауып алдым.
– Не деп жазылған екен?
– Тәртібі орташа, мазасыз, аздап ашуланшақ, бірақ далада ойнағанды ұнатады, тәбеті жақсы, ұйқысы тыныш...Одан бері 30 жыл өтіпті, сол кездегі қалпынан өзгермеген ғой...
***
Бір кісі емханаға телефон шалады:
– Мен екі жерден аяғымды сындырып алдым.
– Ол жерлер есіңізде ме?
– Түсінбедім.
– Енді ол жерлермен екінші жүрмейтін болыңыз...