Алматтың әзілдері
Өмірдің заңдылығы:
«Егер биікке көтерілсең, достарың сенің кім екеніңді біледі, ал құлдырап кетсең, сен достарыңның кім екенін білесің».
***
Ерлі зайыптылар дүкеннен кіржуғыш машина сатып алуға келеді. Дүкенші:
– Сіздер қайсысын алайын деп тұрсыздар?
Әйелі:
– Бізге, ең бастысы, дыбысы шықпайтын машина болса.
Осы кезде әңгімеге араласқан күйеуі әйеліне:
– Шырағым, өзіміз базар мен теміржол вокзалының дәл қасында тұрамыз, дыбыссыз кіржуғышты не қылмақсың?
***
МАИ қызметкері бір көлікті тоқтатады. Жүргізушісі келіншек екен.
– Сіздің құжаттарыңыз.
– Түсінесіз бе, мен кеше қызыл туфли киіп едім.
– Оның қатысы қанша?
– Кеше сол қызыл туфлимен түстес көйлек пен моншақ, сырға және шағын сөмкешем болып еді.
– Түсінбедім.
– Түсінбейтін несі бар, бүгін қоңыр туфли киіп шыққан едім. Құжаттар қызыл сөмкеде қалды...