Алматтың әзілдері
Әйелі күйеуіне:
– Екеуміз үйде Құдайдың құтты күні керілдесіп, ұрысып жатамыз. Ең болмаса театрға барайық та.
– Енді үйді қойып театрда ұрысайық дейсің бе?
***
Әріптестер әңгімелесіп отыр:
– МАИ-мен соттасып, ақыры жеңдім.
– Қалайша?
– Сағатына 240 шақырым жылдамдықпен келе жатқанда 80-нен асырма деген жол белгісінің көрінбейтінін дәлелдеп бердім.
***
Бір жігіт досына:
– Маған қарызға 2 мың доллар бере тұршы.
– Бере алмаймын, одан да осылай дос болып қала берейік...
***
Емханада. Дәрігер науқасқа:
– Сіздің хоббиіңіз бар ма?
– Темекі қойғалы бері белгілі бір хоббиім де жоқ...