Алматтың әзілдері
Бір жігіт мейрамханаға келіп, даяшыға:
– Маған ет қосылған бифбургерчикенфристейкха-узбургер беріңізші.
Даяшы:
– Түсінбедім, не қосылған бифбургерчикенфристе-йкхаузбургер дедіңіз?
***
Дәмханада. Тамақтанып отырған кісі даяшыға:
– Менің тамағыма шыбын түсіп кетті.
– Мүмкін емес.
– Міне, өзіңіз қараңыз.
– Бұл түсіп кетпеген, пісіп кеткен шыбын ғой, ештеңе етпейді...
***
Мектеп директоры оқушыға:
– Әжеңнің қалы қалай, жазылды ма?
– Иә, өзіңіз айтқандай, зейнетақысына бір облыстық, бір аудандық газетке жазылды...
***
Бір жігіт жолда жеңіл көлігімен жүйткіп келеді. Оны МАИ қызметкері тоқтатады:
– Сонша зымырап қайда барасың, ескерту белгілерін байқамадың ба?
– Байқадым, бір жерде «Астана – 180», бір жерде «Астана – 150» деп тұр екен...