Алматтың әзілдері
Көпқабатты үйдің кіреберісіндегі «Лифт тоғызыншы қабатқа ғана барады» деген хабарламаны оқыған кісі қасындағы адамға:
– Сонда мен үшінші қабатқа жету үшін алдымен тоғызыншы қабатқа көтеріліп барып жаяу түсуім керек пе? – дейді.
***
Қызыңқырап қалған бір кісі метро кассасына келіп, кассирге:
– «Жетісу» ықшамауданы, «с заездомға» бір жетон!
***
Қоғамдық көлік ішіндегі кондуктор бір кісіге:
– Ағай, билет алмайсыз ба?
– Мен лоторея ойнамаймын!
***
Дәрігер науқас баланың анасына:
– Сіздің балаңызға І топтағы қанды құюымыз керек. Күйеуіңіздің қаны қай топқа жатушы еді?
– Түсінікті, өз әкесін шақыртуыма тура келіп тұр...