Алматтың әзілдері
Екі кісі әңгімелесіп отыр:
–Есіңде ме, осы қашан «Ауыл жылы» болып еді...
–Бәсе, қашан ауыл жылы болып еді...Қыстан әрең шығамыз ғой осы...
***
Біртүрлі ой:
«Береулер баю үшін шетелге кетсе, біздікілер шетелге кету үшін байитын сияқты...»
***
Емханада. Науқас дәрігерге:
–Мені неше күнде емдеп, жаза аласыз?
–Ақысын жақсы төлесеңіз, қазір-ақ «дені сау» деп анықтама жазып бере саламын...
***
Әріптестер әңгімесінен:
–Бастық ашулы ғой.
–Бас есепшімен келіспей қалыпты.
–Е-е, ерлі-зайыптылар арасында ондай-ондай болады...