Алматтың әзілдері
Таңертеңгілік мезгіл. Әйелі күйеуіне:
– Түнімен ұйықтай алмадым: сен қорылдап, иттер үріп...
– Сонда мен үріп, иттер қорылдауы керек пе еді?
***
Түнімен мейрамханада тойлаған үш жігіт вокзалға келе сала, енді орнынан қозғалып бара жатқан пойыздың артынан тұра жүгіреді. Алқын-жұлқын келе жатқан үшеудің екеуі пойызға қарғып мінеді. Үшіншісі оларға қарап қарқылдап күле бастайды. Жолсерік:
– Неменеге сонша күлесің?
– Ана екеуі, негізі, мені шығарып салуға келген еді ғой...
***
Бір бай жігіт үлкен кітап дүкеніне келеді:
– Маған бір-екі атақты жазушының кітаптарын беріңізші.
– Сіз қай жанрдағы шығарманы қалайсыз?
– Маған бәрібір, тек сырты әдемі болса болды.
– Неге?
– Мен офистегі жұмыс үстелімнің үстіне қойып қоямын ғой оны...