Алматтың әзілдері
Жол бойында. Жүргізуші МАИ қызметкеріне:
– Басеке, мына жерден оңға бұрылуға бола ма?
– Болады, бірақ ол ақылы...
***
Қазақстан – Англия футболшылары арасында кездесу өтуде. Комментатор:
– Біздің құрама қарсыластарынан алты доп айырмасымен жеңіліп жатыр, дегенмен жанкүйерлер үміт үзбейді. Алда әлі уақыт бар. Өйткені ойынның басталғанына алты-ақ минут болды ғой.
***
Әйелі күйеуіне:
– Саған тұрмысқа шыққан мен де ақымақ екенмін.
– Мойындағаныңа рақмет.
***
Бір бай кәсіпкер оқушы қызына скрипка сатып алып береді. Қызы:
– Әке, мынаның ысқышы қайда?
– Алдымен осыны үйреніп ал, ысқыштың жарасы жеңіл ғой.