Алматтың әзілдері
Дәрігердің қабылдауында:
– Келесі.
– Менде тұмау бар ғой деймін.
– Есікті сыртынан жауып қойыңыз.
– Мен сізге тұмаумын дедім ғой, қаралайын деп едім.
– Шырағым, есікті сыртынан жап дедім ғой, жұқтырасың...
***
Күйеуі үйіне кештетіп оралады. Әйелі:
– Қайда жүрсің?
– Бүгін «Ең әдемі келіншек»-ке барып едім, содан шығып достарыммен бір жерде отырып қалдық...
– Оңбаған!..
***
Бастықтарға кеңес:
1. Ойлама.
2. Ойласаң – айтпа.
3. Ойлап әрі айтатын болсаң, жазба.
4. Егер ойлап, айтып және жазатын болсаң, қол қойма.
5. Егер ойлап, айтып, жазып және қол қоятын болсаң, өз обалың өзіңе.