Алматтың әзілдері
Блогтағы жазбадан:
«Уақыт бәрін емдейді» дейді. Тек оның дәріханаларда сатылмайтыны өкінішті...»
***
Бір кісі көршісіне:
– Сіздер нанға сарымай жағып жейді екенсіңдер...
– Не болып қалды?
– Ал менің табысым күнделікті қара нанға ғана жетеді.
***
Жұмыстан кештеу оралған жігіт үйге келсе, дастарқан жаюлы, екі-үш жерде балауыз шам жанып тұрады. Мұны көрген ол:
– Жаным, бұл не романтикалық жүздесу кеші ме?
– Қайдағы романтика, бағана біреулер келіп, ақшасын төлемегендіктен жарықты қиып кетті...
***
Оңашадағы ойлар:
«Ай сайын жалақыңнан жаңа автокөлік сатып алуға ақша жинап жүресің де, бір күні шыдамай сол ақшаға көшеден бір донер мен айран сатып алуға тура келетіні қиын...»
***
Білгім келген бір сұрақ:
– Мемлекет кезекті бір жобаға қыруар ақша бөлген сайын, елімізде жаңа миллионерлер пайда болатынын қалай түсінуге болады?