Алматтың әзілдері
– Біздің бақшамыз банк сияқты...
– Қалай сонда?
– Екі есе көп салып, екі есе аз аласың.
***
– Алдыңғы үш балаңды балабақшаға бермей, кенжеңді беріпсің ғой.
– Үлкен ұлым үшін кезекке тұрған едім, соның кезегі төртінші балам туылғанда ғана тиді емес пе?!
***
Немересі әжесіне:
– Әже, 100 теңге берші!
– Не дейсің?!
– 100 теңге деймін.
– А-а?! Қатты айт.
– 200 теңге берші деймін.
– Сен жаңа 100 сұрап едің ғой.
***
– Мама, әкем жұмыстан келе жатыр. Нені бірінші көрсетеміз: менің күнделігімді ме, сенің жаңа көйлегіңді ме?