Алматтың әзілдері
Телефон шырылдайды:
– Сәлеметсіз бе, бұл аурухана ма?
– Кешіріңіз, бұл кеңсе.
– Қалайша, мен аурухананың телефонына хабарласып тұрмын ғой.
– Сізге не керек, айта беріңіз, бұл кеңседе де аурулар жетіп-артылады.
***
Түрмеде:
– Саған қанша жыл берді?
– 18 жыл.
– Не үшін?
– Ешқандай жазығым жоқ.
– Мүмкін емес, жазықсыздарға 5 жыл ғана береді.
***
Емханада. Науқас дәрігерге:
– Маған ота жасайтын сіз бе, қолыңыз жеңіл шығар, иә?
– Маған мен ота жасаған науқастарым әлі күнге шағым айтып келген емес, оларды қайтып көрген де емеспін...
***
Достарымен балыққа барып олжалы қайтқан күйеуі:
– Мыналардан дәмділеп тұрып ас әзірле! – деп бұйырады.
Ас үйде балық тазалап отырған әйелі:
– Тағы да базардан ала салғансың ба, айттым ғой саған супермаркеттен дұрысырағын алшы деп...