Алматтың әзілдері
Екі жігіттің әңгімесінен:
– Сен махаббатқа қаншалықты адалсың?
– Үш рет үйлендім, бірақ алғашқы махаббатыммен әлі күнге жақын қарым-қатынасымды үзген жоқпын.
***
Бір жігіт мейрамханаға кіріп, даяшыға:
– Маған бір шөлмек шарап пен екі стақан беріңіз.
– Сіз жалғыз емессіз бе әлде қасыңызға тағы біреу келе ме?
– Екінші стақан соғыстырғанға тұра берсін...
***
Жігіт қызға хабарласып тұр:
– Жаным, менде театрға екі билет бар.
– Бір қойылымға екі рет барып көрмекшісің бе?
***
Телефон шырылдайды:
– Алло, мен хабарландыру бойынша телефон шалып тұр едім, сіздерде доллар бар ма?
– Бар.
– Қандай бағаммен сатасыздар?
– 70 теңгеден.
– Түсінбедім, бұл ақша айырбастайтын жер ме әлде банк па?
– Бұл – баспахана.