Алматтың әзілдері
Еркектерге кеңес:
«Болашақ жарыңызды түнгі клубтар мен барлардан іздемеңіз. Үйлердің есігін қағыңыздар!»
***
Екі жігіттің әңгімесінен:
– Кеше балық аулауға барарда қармағымды үйде тастап кетіппін.
– Қармақсыз кеткеніңді көлге жеткенде бірақ білген шығарсың?
– Масқара болғанда қармақты ұмытып кеткенімді үйге келіп, әйелімнің қолына 5-6 балықты ұстатқанда ғана есіме түсірдім.
***
Жазылмаған заңдылық:
«Білімді студенттердің өзі екіге бөлінеді: біріншісі – сабақты жақсы білетіндер, екіншісі – ректор мен декандарды жақсы білетіндер.
***
Тәртіп сақшысы бір келіншекке келіп:
– Сіз неге көше бойында тұрып тамақ сатумен айналысасыз?
– Енді дәмхана ашуға қалтам көтермесе қайтем...