Алматтың әзілдері
Хабарландыру:
«Үздік депутаттық сауалдарға бәйге жариялаймыз. Халық қалаулыларынан бәйгеге қатысуға өтінішті осы жылдың соңына дейін қабылдаймыз.
Таңдаулы депутаттық суалдар топтастырылып, арнайы жинақ болып шығады. Бұрын жолданған және мағынасы ұқсас сауалдар қабылданбайды».
***
Қоғамдық көлікте:
– Жолақысын төлеңіз.
– 40 теңге жете ме?
– Сіз зейнеткерсіз бе?
– Жоқ, жарты жолдан түсіп қаламын.
***
Темекі шегіп тұрған екі жігіттің әңгімесінен:
– Қазір Денсаулық сақтау министрлігі темекінің зиян екенін айтып, жазып ескертпейді.
– Сонда не істейді?
– Көзіңе шұқып көрсетеді.
***
Ескі таныстар жолығып қалады:
– Кәдімгідей әбіржіп, шаршап кетіпсің ғой.
– Жұмыстың қамы ғой баяғы... Күні-түні тыным жоқ.
– Қайда жұмыс істеп жүрсің?
– Істеп жүрген жоқпын, іздеп жүрмін...