Алматтың әзілдері
Әлдебір шенеунік жындыхананы жекешелендіріп алмақ ниетпен бөлме-бөлмелерді аралап келе жатқанда жындыхана директоры:
– Міне, Мырқымбай мырза, мына азаматтар осы жердің негізгі тұрғындары, жағдайлары қанағаттанарлық. Тәулігіне үш мәрте тамақтанады. Жылу мен ыстық судан тарлық көрген емес.
Айтылған сөзді естігісі келмеген әлгі шенеунік, керісінше жындыханадағы кем-кетікті іздеп жүріп тауып алады да:
– Айтқаныңның барлығы жалған. Бөлмелерге көптен бері жөндеу жұмыстары жүргізілмегені көрініп тұр, жылу мардымсыз, ана бір жерден су тамшылап тұр. Кезінде мен жатқанда бұл жерде барлығы тамаша болатын. Төрт мезгіл тамақтанатынбыз, төбеден су тек жауын жауғанда ғана ағатын.
Геннадий Головкинмен бокстасуға бар болғаны бес раунд ғана шыдас берген әлдебір боксшының жаттықтырушысы:
Ештеме етпейді, ондай-ондай болып тұруы заңдылық. Әрбірден соң сен әлі отызға да келген жоқсың.. Айтпақшы, екінші раундта сен Геннаны қатты састырдың. Тіпті ол қатты қорқып кеткенін байқадым.
– Ол кезде не болып еді?
– Ол сені нокдаунға жібергенде «өлтіріп алдым ба» деп шошып кетті.