Алматтың әзілдері
Бір Ирак азаматы шет мемлекеттердің біріне бара жатқанда, оны сол елдің кеден қызметкері тоқтатады да:
– Өзіңізбен бірге қару-жарақ, есірткі, валюта, құнды жәдігер, қымбат металл, яғни алтын, күміс немесе жауһар дегендей заттар алып келе жатқан жоқсыз ба?
– Алып келе жатырмын.
– Түсінбедім, нені алып келе жатырсыз?
– Сен айтқан заттардың барлығын. Атап айтқанда, «ТТ» маркалы екі тапанша, 3 келі алтын, 90 грамм героин мен Л. Винчи салған төрт картина бар. А-а, ұмытып барамын, 750 мың долларым да бар.
Кеден қызметкері әлгі Ирак азаматының бетіне таңырқай да тесіле қарап тұрады да, бірден:
– Ал сізбен суретке түсуге бола ма?
– Болады.
***
Ерлі-зайыптылардың екеуі де бірдей кезекті демалысқа шыққан күн.
Әйелі: «Шынымды айтсам, мен қаланың у-шуынан шаршадым. Балаларды ауылға жіберіп, ит пен мысықты көршіге тастап, екеуміз бір жаққа кетіп қалсақ.. Сен не дейсің?»
Күйеуі: «Ал мен үйде жалғыз қалғым келеді».
Әйелі: «Неге?»
Күйеуі: «Менің де тыныш өмірді, бейқам күндерді армандап жүргеніме көп болды».