Алматтың әзілдері

26 қараша 2013, 11:56

Қазақстанда туып-өскен Иван Мәскеуге көшіп барғанда жергілікті Иван одан:
– Сен, қазақша білетін шығарсың?
– Әрине.
– «Один» дегеннің қазақшасы қалай?
– Бір.
– Ал бес ше?
– Бір, бір, бір, бір, бір.
– Ал мың ше?
– Ол санды айту үшін біршама уақыт керек.

***
Бір қыз 30-ға келгенше үйінен екі аттап ұзап шықпаған екен. Бірақ ұялы телефонына агентті қосқаны сол-ақ екен, көп ұзамай жігітпен танысып, тұрмысқа шығып кетеді. Сонда әкесінің айтқаны: – Отырған қыз орнын табады деген осы екен-ау, а-а!

***
Екі маскүнем әңгімелесіп отырғанда бірі екіншісі­нен:
– Сен білесің бе, неге елдің барлығы мені «Джин» дейді. Мүмкін, менің қолымнан көп нәрсе келетіндіктен айтатын шығар иә...
Екінші маскүнем:
– Жоқ. Мен олай ойламаймын. Меніңше, сен қай жерде бөтелке ашылса, сол жерде жүретіндіктен айтатын болуы керек.
– А-а, ол да мүмкін.