Алматтың әзілдері

27 қараша 2013, 11:51

Қарағандыдағы «Бесоба» кешені құлағаннан кейін құрылыс материалдары  кінәліні анықтамақ болып, жиналыс өткізеді.
Арматура:
– Біз бүгін кінәлі материалдың кім екенін анықтайтын болсақ, оның маркасы нарықтан толықтай шығарылып қана қоймай, нарыққа басқа марка енетін болады.
Шеге:
– Менің ойымша, бар кінә ағашта. Себебі ол құрылыс жүріп жатқанда дымқыл тартып тұрған болатын.
Ағаш:
– Нақ кінә шегенің дәп өзінде. Мен осы үйді салуға қатыс­қалы бері бірде-бір шірімеген, тот баспаған шеге көрген емеспін.
Құм:
– Ал, меніңше, бар кінә цементте, ол өз қызметін дұрыс атқарған жоқ.
Цемент:
– Менің қандай қатысым бар. Естеріңізде болсын, компания өкілдері мені ол үйдің құрылысына мүлде қатыстырған да жоқ. Сондықтан кеткен қатені басқадан іздеңдер.

***
Үш сыныптасқа қойылған ортақ сұрақ: «Сен қандай жағдайда өз-өзіңе қол жұмсауың мүмкін?»
Күзетші:
– 70 мың теңге айлығымды 50 мыңға дейін қысқартып тастаса...
Қаржыгер:
– 2008 жылғы дағдарыс қайта қайталанса...
Шенеунік:
– «А» корпусынан «Б» корпусына түсіп қалған жағдайда.