Бойжеткендер пысық және қиялшыл болып бөлінеді. Шаң жерді көргенде алғашқылары сүрте жөнелсе, екіншілері оған жүрекшенің суретін сала бастайды.
***
Екі «жаңа қазақ» кездесіп қалыпты:
– «Жасылдар партиясына» қалай өтіп жүрсің?
– Қайдан білейін, мен оларды доллар үшін күреседі екен деп жүрсем...
***
Офиске ашулы еден жуушы кіріп келіпті:
– Осындағы бәрің де компьютерді қолдануды білесіңдер ме?
– ...Иә, ...бәріміз...
– Ондай болса, интернетке кіріңдер де, дәретхананы қалай пайдалану керектігі туралы сайтты тауып алып, бәрін оқып шығыңдар!
***
Басшыларға ескертпе: ең қиын жұмысты ең жалқау қызметкерге тапсыру керек. Ол оны орындаудың ең оңай жолын табады. Тездетіп құтылу үшін жылдам істейді және де кейін қайта жасап жатпау үшін сапалы орындайды.
Алматтың әзілдері
04 желтоқсан 2013, 12:24
