Алматтың әзілдері
Майл.ру агенті қосылған кезде үнді қыздарының маңдайындағы қызыл нүкте жасылға ауысады.
***
– Болды! Мен сенен кетемін! Сендей сараң адаммен тұру мүмкін емес! Мә, маған сыйлаған сақинаңды қайтып ал!!
– Ал сыртындағы қорабы қайда?..
***
Егер банкирдің көзінен мейірім сәулесін көрсеңіз – алданбаңыз, ол контактілі линзаның жылтыры болуы мүмкін.
***
Арықтаушыларға арналған
гимнастикалық жаттығу
Мойныңызды тік ұстап, басыңызды сол иығыңыздан оң иығыңызға дейтін бұрыңыз. Енді оң иықтан сол иығыңызға дейін бұрыңыз. Тамақ ұсынған сайын осы жаттығуды жылдам-жылдам бірнеше рет қайталаңыз.
***
Жасөспірім бала техникалық жөндеу орталығына плеерін әкеліп тұр:
– Кеше диванда жатып, құлағымды шимен тазалап отырғам. Бір кезде бірдеңе тырс ете қалды да, наушнигімді кисем, оның бір жағы істемей қалыпты.