Таңсәріде күйеуі жұмысқа жиналып жатып әйеліне қарап:
– Е, бүгін күн ала бұлттанып тұрғанға ұқсайды. Кешқұрым жел соғып, қар аралас жауын жаумаса, көктайғақ болмаса игі.
Әйелі:
– Егер сен жұмыстан соң ешқайда қаңғымай, уақытында үйге келетін болсаң, онда ешқандай дауыл да соқпайды, жауын да жаумайды, үcік те жүрмейді, көктайғақ та болмайды.
***
Қылмыстық жолмен байыған кәсіпкерге тергеуші сұрақ қояды:
– Сен осы ақшаны, негізінен, қайдан аласың?
– Банктен.
– Банкке кім салады?
– Әйелім.
– Әйелің кімнен алады?
– Менен.
– Ал сіз қайдан аласыз?
– Банктен.
Алматтың әзілдері
07 желтоқсан 2013, 11:16
