Қазақтың бір министрі демалмақшы болып, оның көмекшілері Кипрға барып демалыс үйімен келіссөздер жүргізіп жатыр екен:
– Сіздерде бәрі жақсы екен, бәрі ұнады, тек судың температурасы 260С болса. Түсінесіз бе, 250С емес, 270С емес, дәл 260С болуы керек.
– Жарайды, қолдан келгенше жасап көрейік, бірақ ол өте қымбатқа түседі ғой...
– Ақша проблема емес! Содан кейін жағажайдағы құм сары түсті екен, ал Басекеңе ақ құм ұнайды.
– Жарайды, бірақ бағасы...
– Ауыстырыңыздар, ақша проблема емес! Сосын құстар жағалауда қалай болса солай ұшып жүр. Ал Басекеңе құстардың солдан оңға қарай ұшқаны ұнайды. Ұйымдастырыңыздар!
– Оның ақшасы сұмдық қой...
– Төлейміз! Содан соң жағалаудағы пальмалар қалай болса солай өсіп тұр, ал Басекеңе түп-түзу болғаны ұнайды. Жасау керек!
Сонымен, министр келіп, орналасып, таңертең жағажайға шығыпты. Суды кешіп көрсе – жаңа сауылған сүттей жып-жылы, аппақ құмды жағажай жарқырап тұр, шағалалар солдан оңға қарай самғап ұшып жатыр, жағалаудағы пальмалар сымға тартқандай түп-түзу. Осының бәріне риза болған министр әсерленіп: «О, Жаратқан! Неткен керемет, неткен ғажап! Табиғаттың осындай сұлулығын дүниенің бар ақшасына сатып ала аласың ба?!» – деген екен.
Алматтың әзілдері
10 желтоқсан 2013, 12:13
