Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматтың әзілдері

11 желтоқсан 2013, 12:24

– Еліміздегі білім сапасы қашан жоғарылайды?
– Профессорлар лекцияға – джиппен, ал студенттер автобус-троллейбуспен келетін болғанда. Керісінше, емес.

***
«Денсаулық» бағдарламасынан ағзаға қауіпті азық-түліктердің тізімін көрдім. Құдай сақтасын, сонда апам мені бала кезімде өлтірмекші болған ба?!

***
Қаламдастардың әңгімесінен:
– Шығармашылық бәйгеден тағы өте алмадым.
– Өлең беріп пе едің?
– Иә.
– Өлең емес, төлем беруің керек еді.

***
– Сіз неліктен күйеуіңізбен ажырасқалы жатырсыз?
– Екеуміздің діни көзқарастарымыз бір-бірімізге қайшы.
– Нақтырақ айтсаңыз...
– Ол мені әйел-құдай ретінде мойындағысы кел­мейді!