Алматтың әзілдері

13 желтоқсан 2013, 12:32

Бір жігіт дәрігерге келеді:
– Желкеме бір дәу жара шықты. Бұл қорқынышты емес пе?
– Сіз ішуші ме едіңіз?
– Анда-санда, бірақ оның не қатысы бар?
– Түсінікті, ішкен-жегеніңіз желкеңізден шығып жатқан ғой.

***
Әйелі жұмысқа кетіп бара жатқан күйеуіне:
– Бүгін де ерте келетін шығарсың?
– Тырысайын, – деп шығып кетеді де, кешке үйіне бірнеше достарын ерте келеді...

***
Әйелі күйеуіне:
– Білесің бе, биыл Жаңа жыл мерекесі түнінде босан­ған әйелдерге қомақты сыйақы беріледі екен.

– Үлгермейміз...
***
– Орыстың Дед Морозы мен Батыстың Санта Клаусының айырмашылығын білесің бе?
– Білмесеңіз айтайын, Санта Клаус үнемі жалғыз жүрсе, ал Дед Мороз күн сайын мас және қасына өзінен әлдеқайда жас қызды ертіп жүреді.