Алматтың әзілдері

21 желтоқсан 2013, 13:09

Дүкенде:
– Алма бар ма?
– Жоқ.
– Қашан болады?
– Білмеймін, баласын қарайтын адам табылса, жұмысқа шыға беремін деген...

***
Кезекті еңбек демалысына шыққан бұрынғы МАИ, қазіргі әмбебап полиция  қызметкері ала таяғымен жол бойында тұрады. Оны көрген әріптесі:
– Сен демалыста емессің бе?
– Әдет болып кеткен ғой...

***
Білгім келген бір сұрақ:
– Үлескер байлар неге қит етсе аштық жариялай береді?
– Олар сөйтіп асқазандарын демалдырып алатын шығар...

***
Емханада:
– Дәрігер, сіз өзіңіз де осы емханада емделесіз бе?
– Жоқ, бұл жер өте қымбат...