Алматтың әзілдері

25 желтоқсан 2013, 13:08

Жаңа жыл қарсаңында Аязата болып алып киініп алған екі актердің бірі екіншісіне өтініш білдіреді:
– Мүмкіндігің болса біздің үйге барып, бала-шағамды мерекелерімен құттықтап шығасың ба?
– Неге? Өзің бармадың ба?
– Түсінесің бе, мен қызметім үшін көп ақша сұраймын.

***
Екі орманшының әйелі әңгімелесіп тұр:
– Менің күйеуім маған арнаған сыйлығын дәстүр бойынша шыршаның астына тығып қойыпты.
– Ол қандай сыйлық екен?
– Алдымен қалың орманның ішінен сол шыршаны тауып алу керек.

***
Жаңа жыл қарсаңында алыс ауылдағы інісіне қаладағы ағасы бір келі анар мен бір келі қызыл уылдырық беріп жіберіпті. Бірер күннен соң ауылдан хат келеді. Онда:
«Рақмет, аға! Анарыңызды алдым, бірақ тең жартысы бұзылып кетіпті...», – делінген екен.

***
Жаңа жылды жатақханада қарсы алған екі қыздың әңгімесінен:
– Кеше менің бөлмеме Аязатаның өзі келді ғой.
– Сыйлыққа қарық болған шығарсың?
– Өзі бір жақсы жігіт екен...