Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әзiл-шыны аралас

06 мамыр 2011, 15:45

Кiшкентай бала қоңырауы шырылдаған есiктi ашып қалса, қолында бiр шоқ гүлi бар таныс жiгiт келiп тұр екен. Бала:
– Сен неменеге менiң тәтеме келгiштей бересiң, өзiңнiң тәтең жоқ па не? – деп есiктi тарс еткiзiп жауып алыпты.

***
Бiр МАИ қызметкерi ашуланып, әрiптесiне:
– Бүйткен жұмысы құрысын, шаршадым! – деп ала таяғын жерге бiр-ақ ұрады.
Әрiптесi еңкейiп, жерден ала таяқты көтерiп алып:
– Есiң дұрыс па, нанды аяқтың астына тастауға болмайды ғой, – деген екен.

***
Әйелi күйеуiне:
– Итке соңғы рет тамақты сен бердiң бе?
– Иә.
– Онда оны соңғы сапарға да өзiң аттандыр.
***
Бiр келiншек дәрiгердiң қабылдауында отыр. Дәрiгер:
– Күйеуге шыққансыз ба?
– Иә, екi рет некелескенмiн.
– Балаларыңыз бар ма?
– Үш балам бар. Тұңғышым – бiрiншi күйеуiмнен, екiншiсi – екiншi күйеуiмнен, ал үшiншiсi – «лично өзiмдiкi».

***
Шешесi ұлын ұйқысынан оятып тұр:
– Балам, мектепке баратын уақыт болды ғой.
– Ой, қойыңызшы, Қошқаров тағы тиiседi...
– Тұрсаңшы ендi, ұят емес пе?
– Ой, әлгi Ноянбайдың баласы сөмкемдi тағы тығып тастайды...
– Қалай сен мектепке бармайсың, сен мектеп директоры емессiң бе?