Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әзiл-шыны аралас

30 мамыр 2011, 15:27

Бiр оқушы мұғалiмге:
– Апай, әкем «Бiздер маймылдан жаралғанбыз» дейдi, сол рас па?
– Айналайын, сендердiң отбасыларыңның тарихы менi мүлде қызықтырмайды.

***
Әкесi баласынан:
– Бүгiн мектептен қандай баға алып келдiң? – деп сұрайды.
Баласы:
– Төрт алдым.
– Неге бес алмайсың?
– Бiз бүгiн төрт-ақ сабақ оқыдық қой.

***
Екi банкирдiң әңгiмесiнен:
– Қаржылық дағдарыс жағдайында түнде тыныш ұйықтап жүрсiң бе?
– Ұйқым сәбидiң ұйқысындай болып кеттi ғой.
– Немене,соншалықты тәттi ұйықтайсың ба?
– Керiсiнше, түнiмен мазасызданып, жылап шығамын.

***
– Ата, нелiктен барлық ертегiлер «Ерте, ерте, ертеде»  деп басталады?
– Жоқ, балам, бәрi олай басталмайды. Кейбiр ертегiлер «Егер сайлауда маған дауыс берсеңдер...» деп басталады.
***
Үлкен «Джип» мiнген екi бай қазақ жолда заулап келе жатып, жол жиегiндегi «Маи – 100 м» деген белгiнi байқап қалады.
Екi жiгiттiң бiреуi қалтасындағы көк қағаздарды сатырлата санай отырып:
– Әлгi 100 гаишникке ақшамыз жететiн шығар,ә? – дептi.