Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әзіл-шыны аралас

27 қаңтар 2011, 16:34

Ағылшындардың жиналыс өткізуі: Сұрақ қоясың, саған жауап береді.
Еврейлер: Сұрақ қоясың, саған қайыра сұрақ қояды.
Қазақтар: Сұрақ қоясың, саған ұза-а-ақ әңгіме айта бастайды.

***
Күйеуі жолсапардан келсе, үйінде бір еркек ұйқыны сойып жатыр екен. Ашуланған ол әйеліне:
– Мынауың кім тағы?
– Кім болушы еді? Маған тонды, саған көлікті кім сатып алып берді? Дубайға жолдама беріп, саяжайымызды жөндеп берген кім? Жұмысымыз бар, Құдайға шүкір, балалар да тоқ. Осының бәрі кімнің арқасы деп ойлайсың?
– Онда, тым болмаса, үстіне көрпе жауып қоймайсың ба, жаураған шығар байғұс...