Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әзіл-шыны аралас

03 ақпан 2011, 14:36

Ғылыми тұжырымдама:
«Ең бірінші жазуды ойлап тапқан адам іле-шала оны оқуды үйренуге мәжбүр болған».

***
Полицейдің протоколынан:
«Белгілі қорғаушының үйінен сөйлейтін тотықұс ұрланған. Алайда қорғаушысыз сөйлеуден бас тартқан тотықұсты ұрылар иесіне қайтарып беруге мәжбүр болған».

***
Ескертпе:
«Егер сіз сыртта жүргенде үйіңізден күйіктің иісі шықса, келіп үтікті өшіріңіз, ал үйіңіздің есік-терезесінен түтін шыға бастаса, қайтып келмей-ақ қойыңыз».
***
Қазақстанда жұмыс істеп, миллиардтаған ақша табуға болады. Бірақ кейін шетелде өмір сүруіңізге  тура келеді.

***
Әйелі күйеуін дүкенге жіберіп тұрып:
– Сүт алуды ұмытпа!
– Иә.
– Майлылығы 6 пайыздығын ал.
– Иә.
– «Мумуня» емес, «Любимый» ал.
– Иә дедім ғой.
– Өткен жолғыдай шатастырып алма.
– Қорықпасаңшы.
– Жұмсақ емес, қатты қораптағысын ал.
– Түсіндім.
– Жарамдылық мерзіміне қарап ал.
– Иә.
Еркек дүкенге келіп, әлгі айтылғандардың біразын есіне түсіре алмай ойланып тұрып қалады: «Мумуня» ма, «Любимый» ма, қайсысы еді? Қой, одан да екеуін де ала салайын», – дейді.