Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді

29 сәуір 2022, 16:02

Ертең Қаскелеңдегі Сулейман Демирель университетінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді. «Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық білім жүйесі: білім берудің бүгіні мен болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға офлайнда өтеді деп күтілуде. 

Аталмыш шараға елімізге танымал ахметтанушы ғалымдар, ф.ғ.к., Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ директоры Анаркүл Болымбекова және университеттердің білікті оқытушылары қатысып, баяндама жасайды. Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткерінің мерейтойы өз деңгейінде өту үшін биыл республика көлемінде көптеген шаралар өтеді деп күтілуде. 

Ерзия Ерсұңқар