Ассамблея

Ақмолалық ассамблеялықтар мерекелік іс-шараларды ұмыт қалдырған емес

  • Ақмолалық ассамблеялықтар мерекелік іс-шараларды ұмыт қалдырған емес

    Ақмолалық ассамблеялықтар мерекелік іс-шараларды ұмыт қалдырған емес

Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де «Славян жазуы және мәдениеті күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен және «Ақмола облысы орыс қауымы» бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді. Мерекелік кешке Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары және оқушылар қатысты.


Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов мерекемен құттықтап, Қазақстанда тұратын әр ұлттың өз тілі мен мәдениетін құрметтеу, насихаттау бірліктің, ауызбіршіліктің көрінісі екенін атап өтті. Іс-шара Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің өнер ұжымдары мен Ақмола облысы орыс қауымының жанындағы вокалды студияның мүшелерінің өз өнерлерін ортаға салып, қатысуымен өтті.


Cонымен қатар жыл сайын өтетін «Спасибо деду за Победу» шығармалар байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Оның ішінде бірінші орын иегерлері: Ұрымқай орта мектебінің 10 «А»сыныбының оқушысы Коваленко Анастасия, облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған №4 «Болашақ» мектеп-интернатының 10 «Ә» сынып оқушысы Қасенова Мадина,«Гуманитарлы-техникалық лицей-мектебі»КММ-нің 10 сынып оқушысы Галкина Анна, «Алакөл орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 11«А» сынып оқушысы Сайлаубаев Ғабит, «Атбасар қаласы, №1 орта мектебі» КММ-нің 10 сынып оқушысы Павлюк Анастасия, «Макин орта мектебі» КММ-нің оқушысы Меркелайте Татьяна, «Гуманитарлы-техникалық лицей-мектебі» КММ-нің 8«Б» сынып оқушысы Романов Дмитрий. Барлық бірінші орын иегерлеріне РФ, Санкт-Петербург қаласына саяхаттау мүмкіндігі берілді. Қазақстан Республикасындағы Ресей әріптестік өкілділігінің басшысы Нефедов Виктор ұлтаралық достық,ауызбіршілік Елбасымыздың көрегенді,ұтымды жүргізіліп жатқан саясатының нәтижесі екендігін еске салып, ризашылығын білдірді. «Ақмола облысы орыс қауымы» ҚБ төрағасы Александр Артеменко құттықтау сөзден соң әріптестерімен бірігіп, Санкт-Петербург қаласына саяхаттау мүмкіндігін алған конкурс жеңімпаздарына жолдамаларын табыстады. Кештің соңы мерекелік көңіл-күймен аяқталды. 


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 5284    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.05.2018, 16:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30